"Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.
2008-2009 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістемелік бөлімнің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директоры.
2011-2017 жылдары – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры.
2017-2018 жылдары – Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.
2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры қызметін атқарды.