Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды

1154

Мұқанованың қызметтен босатылғаны жөнінде үкімет қаулысы Республиканың нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі платформасында жарияланды.  

Әділет вице-министрі Алма Мұқанова қызметінен босатылды Фото: gov.kz

Қазақстан республикасы Әділет вице-министрі қызметін атқарған 36 жастағы Алма Мұқанова қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Мұқанова Алма Қайратқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметінен босатылсын", – делінген үкімет қаулысында.

Ол аталмыш лауазымға 2022-жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.

Алма Мұқанова Қазақ гуманитарлық-заң университеті бакалавриатын "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша, магистратурасын "Құқықтану" мамандығы бойынша және University of Warwick (Ұлыбритания) магистратурасын Public Policy мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу