Әділет вице-министрі тағайындалды

537

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Даниель Мерейұлы Ваисов Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Әділет вице-министрі тағайындалды Фото: primeminister.kz

Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Даниель Ваисов 1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

"Әділет" жоғары құқық мектебін, Нархоз университетін, И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетін бітірген.

Еңбек жолын 2001 жылы ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінде жеке келісім-шарт негізінде оператор болып бастаған.

2022 жылғы наурыз-қазан аралығы – ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық төлеушілермен жұмыс департаменті Cалық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқарма Салық төлеушілермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін әзірлеу және енгізу бөлімінің бас маманының м. а., Салық заңнамасын түсіндіру басқармасы Салық заңнамасын түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

2002-2003 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті Салықтық бақылау басқармасы Мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы.

2003-2010 жылдары – "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-та Халықаралық келісім-шарттар департаментінің заңгері, Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің аға заңгері, Халықаралық келісім-шарттар департаментінің бас заңгері, Халықаралық келісім-шарттар департаментінің I санатты заңгері.

2010-2020 жылдары жеке меншік коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Сатып алуды бақылау жөніндегі орталықтандырылған қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу