Әділет Жауғашар әні үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

521

​Әнші желідегі парақшасында бейнеүндеу жариялады.  

Әділет Жауғашар әні үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады Фото: әлеуметтік желіден

Отандық әнші Әділет Жауғашар сынға ұшыраған "Сүй иә" әніне қатысты пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желі қолданушылары әннің қайырмасындағы "Сұлудың жоқ дегені – иә" деген жолға қатысты сын пікірлерін білдірді. Олардың сөзінше, бұл сөз тіркесі қыздың еркінен тыс әрекетті қалыпты құбылыс ретінде көрсететіндей әсер қалдырады.

"Құрметті тыңдармандар, әлеуметтік желіде өзіме қатысты болып жатқан пікірлерді көрдім, оқыдым. "Сүй иә" әнін жазатын кезде Әзілхан Нұршайықов атамыздың сөзіне сүйендік. Бірақ ол кісі өмір сүрген қоғам мен біздің өмір сүріп жатқан қоғамның екі түрлі екенін аңғармаппыз. Көптің көңіліне тиіп кетеді деп ойлаған жоқпыз. Мен де зорлық-зомбылыққа қарсымын. Бұл ән көңілдеріңізден шықпай, ұнамай жатса, бұл әнді екінші рет орындамаймын деп шештім. Пікірлердің астында "Әділет Жауғашарға бойкот" деген сияқты пікірлер артықтау. (...) Кешірім сұраймын", – деді әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында. 

Сонымен қатар ол "Сұлудың "жоқ" дегені "жоқ!" деген жазба қалдырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу