"Әділетсіз өтті": "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы анықталды

4581

13 қарашада Алматыда “Қазақ аруы” байқауы өтті. 

"Әділетсіз өтті": "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы анықталды Фото: инста парақша

Баян Алагөзованың ұйымдастыруымен өтетін “Қазақ аруы” байқауының нәтижесі анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Алайда желі қолданушылары арасынан байқау әділетсіз өтті деп санағандар табылды.

Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген.

Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Ақерке Серікжан иеленсе, ал үшінші орын алматылық Назерке Мырзағалиеваға бұйырды.

Биыл байқаудың ерекшелігі – жеңімпазды халық таңдағаны. Себебі бұған дейін кім Қазақ аруы атанатынын қазылар алқасы анықтаған.

Алайда желі қолданушылары байқаудың ұйымдастыру деңгейіне наразы. Сөздерінше, Telegram бот істемей, дауыс берілмей қалған. Сол себепті желі қолданушыларының көп бөлігі жеңімпаз әділ анықталмады деп санайды.

“Халықты алдап не керегі бар еді! Одан гөрі жюридің шешімімен болғаны дұрыс еді. Адамдардың сезімдерімен ойнағандай соншама жұрт дауыс бере алмай дал болды”, “Ақкербез жеңсе жеңсін, бірақ неге сол қызға ғана дауыс қабылданып, қалған қатысушыларға дауыс қабылданбады?”, “Көреалмаушылық емес. Бірақ биыл ең әділетсіз және қызықсыз өткен “Қазақ аруы” болды. Қазылар алқасы жиналып, ең лайықты адамды таңдағаны дұрыс еді” деп жазды желідегілер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу