Адиля Тілекенова Афиныдағы халықаралық сында күміс жүлдегер атанды

835

Ал жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Роза Абитова таспа мен ұршық жаттығуында үздік бестікке енді.  

Адиля Тілекенова Афиныдағы халықаралық сында күміс жүлдегер атанды

Адиля Тілекенова мен Роза Абитова Грекияның Афины қаласында өткен көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің финалында бақ сынады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Тілекенова шығыршықпен жаттығуда 5-ші, доппен жаттығуда 6-шы, ұршықпен жаттығуда төртінші орын иеленді. Ал таспамен жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі екінші орынға тұрақтады. 

Ал жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Роза Абитова таспа мен ұршық жаттығуында үздік бестікке енді.  

Гимнастар бәсекесінде Ресей, Грекия, Польша және Румыния спортшылары тұғырдан көрінді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу