Көркем гимнастикадан Паттаяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Адиля Тілекенова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Тілекенова көпсайыс қорытындысы бойынша 70,550 ұпай жинап, жалпы есепте үшінші орын иеленді.
Көпсайыста алтын жүлдені 75,550 ұпай жинаған өзбекстандық Сабина Ташкенбаева иеленді. Екінші орында 72,500 ұпаймен қытайлық Ятин Жао орналасқан.
"Өзімнің бапкеріме алғысым шексіз. Сондай-ақ, қиын кезде қолдау көрсеткен командаластарыма алғысым шексіз. Биылғы маусымда жарыстар тізбегі көп, енді әрі қарай дайындалатын боламыз", – дейді Тілекенова.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу