Адиля Тілекенова көркем гимнастикадан әлем кубогінде бақ сынады

677

Испанияның Гвадалахар қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі кезеңі аяқталды.

Адиля Тілекенова көркем гимнастикадан әлем кубогінде бақ сынады

Көпсайыста жалпы есебі 44 спортшы сынға түсті. Жарыс нәтижесі бойынша 84 ұпай жинаған ресейлік Александра Солдатова топ жарды, деп жазады Olympic.kz.

Екінші орында 80.85 ұпайға қол жеткізген тағы бір ресейлік спортшы Екатерина Селезнева. Қола медаль италиялық Александра Аджурджукулезенің еншісінде. 

Қазақстандық Адиля Тілекенова 69,65 ұпаймен 12-ші орынға тұрақтады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу