Адиля Тілекенова ұршықпен жаттығудан Азияның күмісіне қол жеткізді

864

Адиля Тілекенова көпсайыс қорытындысы бойынша Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын.

Адиля Тілекенова ұршықпен жаттығудан Азияның күмісіне қол жеткізді

Паттайяда (Тайланд) өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Адиля Тілекенова кезекті жүлдесіне қол жеткізді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық спортшы ұршықпен жаттығуда екінші орын иеленіп, күміс медаль тағынды.  Бұл жаттығуда Адиля 17.450 ұпай жинады. Алтын медаль 17.850 ұпай жинаған қытайлық Ятинг Жаоның еншісінде. Қола медальді жапониялық Рурико Шибаяма жеңіп алған. 

Еске сала кетейік, Адиля Тілекенова көпсайыс қорытындысы бойынша Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанған болатын. Сондай-ақ, кеше шығыршық және доппен жаттығуда жүлдеге ілікті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу