Әлішер Ерғали: Токио Олимпиадасында жеңіске жетсем деймін

1048

Жазғы спорт түрлері үшін 2019 жылғы маусым аяқталуға жақын.  

Әлішер Ерғали: Токио Олимпиадасында жеңіске жетсем деймін

Биыл ерекше көзге түскен спортшылар арасында еркін күрес шебері Әлішер Ерғали да бар, деп жазады Olympic.kz. 

Жас балуан ересектер арасындағы алғашқы маусымын қорытындылап, алдағы жылы орындауы тиіс басты міндетін де атап өтті.

"2019 жыл мен үшін ойдағыдай өтті. Өйткені, жастар арасынан ересектер қатарына ауысып, алғаш рет әлем чемпионатына қатыстым. Әлемдік сында 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алдым. Бұл менің ең үлкен жетістігім. Әрине, әлем чемпионатының қола жүлдесінен айырылып қалғаным әлі күнге дейін өзегімді өртейді. Бірақ менде бұл қателікті жөндейтін уақыт бар. Санаулы күндерден соң келетін 2020 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, еліміздің көк байрағын желбіретсем деймін. Қазір тек төртжылды додасында ел намысын абыроймен қорғауды ойлап жүрмін", – дейді Әлішер. 

Айта кетелік, Әлішер Ерғали Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында 92 келі салмақта бестікке енді. Сондай-ақ, Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп  алды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу