Адрей Скабелка "Барыс" хоккей клубымен жұмысты тоқтатады

443

"Барыс" хоккей клубы мен команданың бас бапкері Андрей Скабелка арадағы келісім шартты ұзартпады.  

Адрей Скабелка "Барыс" хоккей клубымен жұмысты тоқтатады

Қазіргі келісім шарт 2020 жылдың 30 сәуірінде күшін жояды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Нәтижесінде, Адрей Скабелка "Барыс" хоккей клубы бас бапкері қызметін тоқтатады. 

"Андрей Владимирович пен оның командасындағы бапкерлер құрамы екі маусымда өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. "Барыс" өз тарихындағы ең сәтті маусымды басынан өткізді. "Барыс" спорт клубы Андрей Скабелкаға бірге  атқарған жұмыстар үшін алғыс айтып, әрі қарай мансабына сәттілік тілейді", – делінген клуб хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу