Адвокат Біртановтың неліктен санавиацияны пайдаланғанын түсіндірді

742

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былтыр премьер-министр мен үкіметтің басқа да мүшелеріне коронавирус жұқтырмас үшін жеке санавиация бортымен ұшқан. 

Адвокат Біртановтың неліктен санавиацияны пайдаланғанын түсіндірді

Бұл туралы бұрынғы министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айта кетсек, Елжан Біртановта сотта тағылған айыптардың бірі – оның санавиация бортын заңсыз пайдаланып, Тараздан Нұр-Сұлтанға ұшуы. Адвокатының айтуынша, экс-министр ол кезде Жамбыл облысына шыққан жұмыс тобының құрамында болған. Жұмыс тобын ол тұста Үкімет басшысы Асқар Мамин басқарған еді.

"Ол сапардың мақсаттарының бірі – Қордай ауданына барып, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ҒЗИ-ға бару еді. Бекітілген регламентке сәйкес, жұмыс тобының бүкіл мүшесі бірге Нұр-Сұлтаннан ұшып шығуы керек болған. Ашық дерекөздердің бәрі де Біртановтың дәл сол тұста коронавирус жұқтырып алғанын растайды. Диагнгоз 2020 жылдың 13 маусымында қойылған. Оны Президент істері жөніндегі Медициналық орталық басқармасы растайды", – дейді адвокат.

Экс-министр бірден елордадағы модульды инфекциялық орталыққа жатқызылған. Бейсекеевтың сөзінше, экс-министрден екіжақты пневмония анықталған. 
"Өкінішке қарай, бұл оқиғаға құқықтық баға берілмеді. Біртановтың Нұр-Сұлтанға жұмыс тобының мүшелерімен қайтуға құқығы жоқ еді. Себебі ол премьер-министр мен Үкіметтің басқа да мүшелерін жұқтырып алуы мүмкін болатын. Премьер-министр сол тұста ауырып қалса, мұның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсінетін шығарсыздар. Себебі Президенттің өзі премьер-министр мен денсаулық сақтау министріне ең маңызды міндеттерді жүктеген еді. Осылайша, Біртановты санавиация көлігімен жеткізу – мәжбүрлі шара болды", – дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу