Адвокат: Егер Бишімбаев жауапкершіліктен құтылып кетсе, онда елде болашақ жоқ деген сөз

309

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз жалғасып жатыр. 

Адвокат: Егер Бишімбаев жауапкершіліктен құтылып кетсе, онда елде болашақ жоқ деген сөз Фото: видео скриншот

Сот жарыссөзінде жәбірленуші тараптың қорытынды сөзін адвокат Игорь Вранчев айтып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Бишімбаевқа қатысты сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев әділ шешім болмаса, мұндай елді қалудың еш себебі жоқ екенін айтты. 

"Бір ғана дұрыс шешім қабылдап, Бишімбаевты кінәлі деп тану арқылы сіз елді элитарлық және тоталитарлық паразиттерден тазартасыз. Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдан асты, бірақ ілгерілеу жоқ. Қоғамның осы бір паразиттік қабатын түрмеге отырғызу арқылы оның бостандыққа шыға ма, жоқ па деп күтіп отырған басқа Бишімбаевтардың бәріне үлкен сабақ бересіз. Ал егер ол ақталып шықса, онда біз осы іспеттес адамдардың бәріне тағы бір мүмкіндік береміз", - деп түйіндеді Вранчев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу