Талғат Ермегияевтің ісі қайта тексерілуде. Бұл жайында 14 жылға сотталған шенеуніктің адвокаты Алла Котлова мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Қорғаушының сөзінше, материалдардың барлығы бір айдан бері құзырлы орган өкілдерінің қолына өтіпті. Тек адвокат оның қандай мақсатта, нендей дәйекке негізделе отырып, тексеруге алынғанын білмейді.
Дегенмен, тексеруден кейін өзге де фигураттардың есімі анықталарына үміті бар. Алла Котлова қорғалушысының жалғыз пара алмағанына сенімді.
Еске салсақ, 2016 жылы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының төрағасы 50 жастағы Талғат Ермегияев "пара алды", әрі мемлекет ақшасын талан-таражға салды деген айыппен 14 жылға сотталған болатын. Ол бюджетке 5 млрд 901 млн 445 мың теңгеге шығын келтірген.