Адвокаттар Алексей Цойды сотқа шақыруды сұрады

994

Олар Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі олардың барлық сұрақтарына жауап бере алмайтынын алға тартып отыр. 

Адвокаттар Алексей Цойды сотқа шақыруды сұрады

Берік Шарипті қорғау тарапы қазіргі Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды куәгер ретінде шақыру туралы өтінішін ауызша айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Өтініштің мәні басты сот талқылауына куәгер ретінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды шақыру болып табылады. Бұл өтініш немен байланысты? Жәбірленушінің өкілі-егер статистикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, 100 сұрақтың басым бөлігіне жауап бере алмайды, яғни ол қорғау тарапының, сондай-ақ соттың қойған сұрақтарынан хабардар емес", – деді адвокат Ерлан Мәкенов бейне-конференция режимінде өтіп жатқан сот отырысында.

Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сержан Оралов соттан бұл өтініштен бас тартуды сұрады. Оның пікірінше, қорғаушы тарап жалған деректерді пайдаланды. "Мен келесі сот отырысына жауап беру керек сұрақтарды жаздым. Жалпы саны –5", деді ол.

Ол министр Алексей Цойдың сотқа шақырылуын артық деп санады.
Сот қатысушыларын тыңдағаннан кейін, судья Қанат Дүйсембиев Ораловқа заңгердің қажет болған жағдайда егжей-тегжейлі білетін ведомствоның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан жауап алу туралы өтініш білдіру құқығы бар екенін ескертті.

"Егер сот жауап ала алмаса және министрді шақыру қажет деп санаса, мен адвокаттардың өтінішіне қайта ораламын", деді ол, іс бойынша куәгер ретінде Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов өтіп жатқанын айтты.

Бұған дейін бірінші сот отырысында судья Қанат Дүйсембиев Берік Шәріпке қатысты қылмыстық іс 361-бап (лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану) 4-бөлімінің 3-тармағы және 287-баптың (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 2-бөлімі бойынша қаралып жатқанын мәлмдегені туралы хабарланған болатын.

Бұған дейін  Берік Шәріпке 2 бап бойынша айып тағылған. Олардың бастысы – ауыр зардаптарға әкеп соқтырған билікті теріс пайдалану. Мемлекеттік айыптаушының нұсқасы бойынша, ол төтенше жағдай кезінде Қазақстанға жеке қорғаныс құралдарын жеткізу кезінде бір фирмаға заңсыз артықшылық көрсеткен. Тендерді жеңіп алған Компания қажетті қорғаныс костюмдерін жеткізбей, салдарынан Алматы, Нұр-сұлтан және Қарағанды облысының медициналық ұйымдарында 2 мың медицина қызметкерінің арасында өткір тапшылық туындап, КВИ өршуі орын алды. Берік Шәріп бұл бап бойынша өз кінәсін мойындамайды.

Екінші бап атыс қаруын заңсыз сақтауға қатысты. 2020 жылғы 14 тамызда соттың санкциясымен Берік Шәріп қамауға алынған болатын. 26 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық сотында "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша алғашқы сот отырысы басталды. Келесі сот отырысы 30 сәуірде өтеді.

Серік Селеубайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу