Адвокаттар алқасына жарна төлеу заңмен тыйылмақ

1075

Адвокаттар алқасына жарна төлеу заңмен тыйылмақ

Енді еліміздегі адвокаттар алқасына жарна төлеу міндеті болмайды. Әділет министрлігі тиісті құжатты әзірлеп, Қорғаушылар алқасының талқысына салды. Онда адвокаттар қатарын көбейтіп, әрі олардың кәсіби біліктілігін арттыру шарттары қарастырылған. Ведомство дерегінше, бүгінде Қазақстанда ресми лицензияға ие, Қорғаушылар алқасының құрамына кіретін небәрі 5 мыңға жуық адвокат бар. Ал бұл сотта 3890 азаматтың ісі бір адвокатқа артылған деген сөз. Тапшылыққа – қорғаушылар алқасына кіру жарнасының тым көптігі басты себеп дейді заңды әзірлегендер. Сондай-ақ адвокаттарға жеке кеңсе ашу міндеті де артылған. Соның салдарынан соңғы 4 жылда қорғаушылар қатары небәрі 300 адамға өскен. Адвокат қызметіне қатысты өзгертулер енгізілген құжат қазан айында мәжілісте таныстырылуы тиіс.

Бақтыгүл Атағазиева, ҚР әділет министрлігінің заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры:

"Бұл жерде ең бірінші тұрғындар тегін адвокаттық қызметке ие болуға мүмкіндік жасалуы тиіс. Бірақ бізде тегін қызмет көрсетпек түгілі ақшаға да жалдайтын адвокат жеткіліксіз. Өйткені адвокат атанудың жарнасы тым қымбат. Тәжірибеден өту үшін 200 мың теңге, Қорғаушылар алқасына өту үшін тағы 800 мың теңге шамасында қаржы төлеуі тиіс. Өз ішінде де қаншама міндетті жарна бар. Лицензия алу да оңай емес. Сондықтан біз осы қаржылық кедергінің жойылғанын қалаймыз".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу