Адвокаттардың "Аманатқа" арызы

509

Қазіргі таңда елімізде 5891 адвокат пен 13 мың 10 заң кеңесшісі құқықтық көмек көрсетеді.

Адвокаттардың "Аманатқа" арызы Фото: Ашық дереккөзден

"Аманат" партиясы бағдарламасына кіргізген мәселе әлі орындалмай жатыр. Бүгін адвокаттар осылай деді. Олар "мемлекет кепілдік берген іс бойынша азаматтарды қорғайтын заңгерлерге қазынадан төленетін ақы тым төмен"-деп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Қолданыстағы тарифтер бойынша біздің есептеуіміз бойынша адвокат айына 80 мың теңге алады. Жоғары интеллектуалды, қауіпке толы жұмысқа осындай сома өте аз төлем екенін өздеріңіз де білесіздер. 80 мың теңге айына. + 04:55 "Аманат" партиясы өз бағдарламасында, осыдан 3 жарым жыл бұрын, 2019 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін 2 есе ұлғайтуды қарастырған болатын. Шын мәнінде бүгінгі күні тарифтердің өсуі болған жоқ. 3 жарым жыл өтті", - дейді Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев.

"Аманат" партиясының мүшесі, депутат Снежана Имашева "бұл мәселе күн тәртібінде"- деп жауап берді. Қазіргі таңда елімізде 5891 адвокат пен 13 мың 10 заң кеңесшісі құқықтық көмек көрсетеді. Бүгінгі отырыста олардың жұмысын одан әрі жетілдіру жайы талқыланды. Тиісті өзгертулер мен толықтырулар қарастырылған заң жобасы қазір Парламент қарауында. Депутаттар "осымен 3-ші шақырылымның қолына өткен бұл құжатқа ұлттық мүддені қорғауға бағытталған баптар да енгізілуі керек"-деп отыр.

"Ешқандай дұрыс заң жобасы болмағандықтан, реттелмегендіктен дәл қазір осы жерде шетел азаматтары да жүр. Яғни кез келген шетел азаматы келеді де заң консультанты болып қызмет атқара береді. Ал ол заң консультанты ретінде кіріскеннен кейін сізден сенімхат алған соң ол бір банктерге сұрау жолдайды, қалай болғанда да, мемлекеттік құпия демей-ақ қояйын, бірақ мемлекеттің ішкі шаруасына араласады. + 06:23 Осыны бір келісімге келіп, дұрыс заң жобасын жасап беруіміз керек", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу