Адвокаттардың рөлін күшейту ұсынылды

1519

Олардың қызметі сараптама жүргізу кезінде айтарлықтай күшейтілмек. 

Адвокаттардың рөлін күшейту ұсынылды Фото: freepik

Бұл нормалар Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және  Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша заң жобасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қылмыстық процестегі адвокаттардың рөлін күшейту ұсынылады, өйткені қорғаушының іс-әрекетінде бәсекелестік принципін жүзеге асырудың ерекшеліктері, ең алдымен, оның дәлелдеу процесіндегі белсенділігіне байланысты. Осылайша қазір сотқа айыптаушы тарап қалыптастырған қылмыстық істер келіп түсуде, бұл өз кезегінде судьялардың іс бойынша айыптауға ой қалыптасуына ықпал етеді. Сот тараптардың өз мүдделерін қорғауда тең мүмкіндіктер мен процестік әрекеттерді қамтамасыз етуі тиіс екенін ескере отырып, адвокаттарға айыптау актісіне қарама-қарсы құжатты, қорғау актісін сотқа енгізу құқығын беру ұсынылады", - деді Әділет министрі Азамат Есқараев.

Сондай-ақ, қылмыстық қудалау органдары бұқаралық ақпарат құралдарында күдіктінің фигурасын "жамандау" арқылы қоғамдық резонанс тудыратын және тергеу барысына әсер етуі мүмкін ақпаратты жариялай алатындықтан, заң жобасында адвокатқа сотқа дейінгі тергеудің мәліметтерін жарияламай, күдіктіге тағылған айыпты теріске шығаруды жариялауға мүмкіндік беру ұсынылады, деп жалғастырды ол.

"Адвокаттың рөлі, оның ішінде сараптама жүргізу кезінде айтарлықтай күшейтіледі. Атап айтқанда, адвокат көшірмелерін алуға құқылы құжаттардың тізімі кеңейтіледі, адвокаттың тағайындалған сараптама бойынша барлық қосымша және нақтылайтын сұрақтары дереу сарапшыға жіберіледі, адвокат сараптама объектілерімен таныса алатын болады", - деді ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу