Адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді

292

Бұл - емдік қасиеті бар улы өсімдік.

Адыраспан тыйым салынған өсімдіктер қатарына енгізілді Фото: Peganum harmala

Ресейде құрамында есірткі немесе психотроптық заттар бар өсімдіктердің тізіміне адыраспан деген атпен белгілі гармала өсімдігі енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тыйым салынған өсімдіктердің тізімін кеңейту туралы ақпарат Ресей Федерациясы Үкіметінің 2024 жылғы 7 ақпандағы қаулысында жарияланған.

Адыраспан құрамында алкалоидтың едәуір мөлшері бар екені атап өтілген. Бұл - емдік қасиеті бар улы өсімдік.

Адыраспан Азия елдерінде халық медицинасы ретінде көп ғасыр бойы қолданылып келді. Сонымен қатар, дәрігердің рецептісіз Адыраспанмен өзін-өзі емдеуге, оның қайнатпалары мен тұнбаларын қабылдауға болмайтыны айтылды.

Қазір адыраспан үй-жайларды аластау үшін де қолданылады. Ол "жын-шайтаннан" қорғап, тіл мен көзден сақтайды деген сенім бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу