Түркияның Адыяман қаласында 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше кеше күндізгі сағат 16:26-да Адыяманның Синжик ауданында 4,3 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі - 7 шақырым.
Сонымен қатар артынан 20 минут өтер өтпестен Малатья қаласының Пүтүрге ауданында 3,6 баллдық жер сілкінісі тіркелген. Оның тереңдігі 13,8 шақырымға жеткен.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша жағымсыз жағдай тіркелген жоқ. Дегенмен тұрғындардың бойын үрей биледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу