АЭА араб инвесторларының басқаруына берілуі мүмкін

785

 АЭА араб инвесторларының басқаруына берілуі мүмкін

Біріккен Араб Әмірліктерінің 1600 компаниясы "Астана" халықаралық қаржы орталығынан орын тебуге ниетті. Сондай-ақ, Қазақстан тарапы индустриялық аймақтарды БАӘ компанияларының басқаруына беруге әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстан мен аталмыш ел арасындағы бизнес-форум аясында белгілі болды. Араб әмірліктерінің 60 шақты компаниясы мен отандық бизнестің 250 –ден астам өкілі бас қосқан жиында екі ел арасындағы сауда-саттықты дамыту мәселесі талқыланды. Форум барысында еліміз бен Араб әмірліктерінің тауар айналымын нығайту мен инвестиция тарту бойынша меморандумға қол қойылды. Айта кетсек, соңғы 11 жылда Біріккен Әмірліктерден Қазақстанға құйылған салым бөлшері 2 млрд доллар болса, еліміз 900 млн доллар инвестициялаған. Мамандар бұл қуантарлық көрсеткіш емес дейді.

Нұржан Әлтаев, "Атамекен" ҚР ҰҚП Басқарма Төрағасының орынбасары

"Енді қазіргі таңда бұл елден инвестиция мөлшері онша көп емес. Айтар болсақ өте қазір аз. Жыл басында елбасы Эмираттарға барғаннан кейін араб кәсіпкерлерінің қызығушылығы жоғарылап жатыр. Олардың өте қызығушылық жасап жатқаны тамақ өнеркәсібіне және мынау ауылшаруашылығы өнімдеріне. Сол жағынан олар мына қой еті, сиыр еті, бидай, чичевица жасымық дейді ғой соларға өте үлкен қызығушылық білдіріп жатыр. "

Араб Әмірліктері алдағы уақытта екі ел арасындағы әр жақты серіктестік нығая түсетініне сенімді. Сондай-ақ, алдағы жылдары жекешелендіруге ұсынылатын еліміздегі 700-ден астам мемлекеттік кәсіпорындарға да инвесторлар өз үлестерін қосуға дайын екендерін білдірді. Салым тек ауылшаруашылығы мен энергетикаға ғана емес басқа да салаларға тартылады деп күтілуде.

Халид Әл-Ауэйс, Al Owais & Al Sayegh компаниясының басшысы:

"Біздің компания туризм саласымен айналысады. Бұл менің Қазақстанға алғаш рет келуім. Жас мемлекет болғасын инвестициялық тартымдылығын байқауға келдім. Жері кең, табиғаты өте жақсы. Дегенмен, туризм саласы кенжелеп жатыр екен. Егер біз елдеріңіздің осы саласын дамытуға инвестиция құйсақ сіздерге де бізге де жақсы боларына сенемін."

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу