Үкімет, инвестиция тарту үшін 12,5 млрд теңге шамасында қаражат бөлмек. Қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл сомма өткен жылғы бөлінген қаражаттан 2,5 есе көп. Бұл ақша негізінен еліміздегі арнайы экономикалық аймақтардың инфрақұрылымдарын жақсартуға жұмсалуы тиіс. Негізінен қаржының басым бөлігі Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау, Павлодар облыстарына бөлінбек. Жалпы, үстіміздегі жылы өндірістік аймақтарды қаржыландыру 2 есе артып, 5,4 млрд теңгені құрап отыр. Ал, жоспар бойынша 2018 жылға дейін арнайы экономикалық аймақтарға тартылатын инвестиция 130 пайызға дейін артуы тиіс. Айта кетейік, Астанада жаңадан ашылған аймақтың құрылыс жұмыстарына 1,7 млрд теңге бөлініп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу