АЭФ аясында халықаралық орталықтың тұсаукесері болды

647

АЭФ аясында халықаралық орталықтың тұсаукесері болды

Қазақстан 2050 жылға қарай "сумен қамту проблемасын біржолата және мәңгілікке шешетін" болды.
Бұл жайында Астана экономикалық форумы аясында өткен "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының" тұсаукесері кезінде мәлім болды, деп хабарлайды abctv.kz.

Тұсаукесерде сөз сөйлеген үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев бұл орталықтың Қазақстанда "жасыл" технологияларды енгізудің драйверіне айналатынын айтты.

Бұл орталық Орталық Азияның климаттық жағдайларына сәйкес келетін жасыл технологияларды жерсіндіру үшін инвестицияларды тартуды және институционалдық базаны дамытуды қамтамасыз етуге тиіс.

Өз сөзінде премьер Қазақстан алдында тұрған және ұзақ перспективаға созылатын үш күрделі сын-тегеурін ретінде "озық экономикалық дамуды қамтамасыз етуді, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауды және экологиялық тепе-теңдікті ұстап тұруды" атады.

"Орасан зор табиғи ресурстарға ие мемлекет болып табылатын Қазақстан әлемнің орнықты өркендеуі және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өзінің жауапкершілігін жақсы түсінеді. Сондықтан да еліміз елбасының бастамасы бойынша жасыл технологиялар орталығын құрып отыр. Біз бұл тұңғыш технологиялық орталық Қазақстанда, кейін Орталық Азия өңірі елдерінде жасыл технологияларды дамыту жолымен экологиялық проблемаларды шешуге және "жасыл" мәдениетті қалыптастыруға, осы салаға дамыған елдерден инвестиция тартуға ықпал етеді деген сенімдеміз", – деді Бақытжан Сағынтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу