АЕК-тің 5%-ға артуы айыппұлдың дәл солай өсуіне әкеліп соғады

976

Енді АЕК мөлшері – 2778 теңге.

АЕК-тің 5%-ға артуы айыппұлдың дәл солай өсуіне әкеліп соғады

Елімізде АЕК 5 пайызға артты.Бұл туралы Energyprom.kz басылымы хабарлады. Енді айыппұл мөлшері де дәл солай өсетін болды. 1 сәуірден бастап АЕК мөлшері 2778 теңге болып белгіленді.

Мұндай шешімнің қабылдануына ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурызда зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек 10 пайызға индексациялауды тапсыруы себеп болды. Енді осы санаттағы азаматтардың табысы 200 миллиард теңгеге өседі. 

Қазіргі таңдағы көрсеткіштер:

- Ең аз зейнетақы мөлшері - 40441 теңге (бұған дейін 38636 теңге болған)
- Күнкөріс минимумы - 32668 теңге (бұған дейін 31183 теңге болған)
- Негізгі зейнетақы төлемінің ең аз мөлшері – 17641 теңге (бұған дейін 16839 теңге болған)
- Ең аз жалақы мөлшері – 42500 теңге (өзгеріссіз қалды)

Ескере кететін жайт, төтенше жағдай режимі мен карантин талаптарын орындамағандарға салынатын айыппұлдардың көлемі АЕК-ке тәуелді. Сондықтан олар да шамамен 5 пайызға өседі. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу