"Аэрофлот" әуекомпаниясының билеттері қымбаттайды, деп хабарлайды Atameken Business.
Мұның себебі компания 1 шілдеден бастап Ресей мен ТМД елдерінен, соның ішінде Қазақстанға арналған рейстер үшін жанар-жағармайға алынатын салымдарды арттырмақ. Мәселен, Мәскеу – Қазақстан бағытындағы рейсте жанармай салымдары 1080 рубльден 1440 рубльге дейін өседі.
Билет құнының қымбаттауын компания қызметкерлері жанар-жағармай бағасының өсуіне байланысты деп түсіндірген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу