"Аэрофлот Сочиден Армения, Египет, Израиль, Қазақстан, Түркия және Өзбекстанға тікелей тұрақты рейстерге әуе билеттерін сатады. Ұшу бағдарламасы транзиттік жолаушылар ағынына бағытталған және топтың негізгі әуе компанияларының – Мәскеу (Шереметьево), Санкт-Петербург және Красноярск әуежайларынан Сочи арқылы ұшатын жолаушылар үшін тиімді болады", – деп жазылған компания таратқан хабарламада.
"Аэрофлот" ұшақтары Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Атырау, Ақтаудан ұшады.
"Россия" әуе компаниясы Сочиден 17 бағыт бойынша ұшуды жүзеге асырады. Жолаушылар тиісті жеріне ресейлік Superjet 100 ұшағымен жете алады.
Айта кетейік, биыл 8 наурыздан бастап "Аэрофлот" Қазақстанға ұшуды тоқтатқан еді.