"Аэрофлот" әуекомпаниясы еліміздің бірнеше қаласына тұрақты әуе рейстерін қайта іске қосады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұған дейін Қазақстанға "Аэрофлоттың" еншілес ұйымы "Россия" ұшқан болатын.
1 ақпанда "Аэрофлоттың" Airbus A320 ұшақтары Астана, Алматы және Атырауға қатынауды қайта бастайды. Билеттер ашық сатылымға шығарылды.
Аталған компания елордаға күнделікті 2 рейс, Алматыға 3 рейс және Атырауға 2 рейс орындайды. Ал наурыздан бастап тағы 1 рейс қосуды жоспарлап отыр.
Әуе рейстерінің кестесі компания сайтында жазылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу