Қазіргі таңда, оған мысал да көп, деп хабарлайды Atameken Business.
Соның бірі – Қытайлық EHang компаниясының аэротакси қызметі. Үстіміздегі жылдың ақпан айында адам тасуға рұқсат алған компания, енді дронның мүмкіндіктерін жүк тасымалдау саласында көрмек. Ол үшін компанияның 216 модельді автономды ұшу аппараты қолданылады. Аталған модельдің техникалық мүмкіндіктеріне келсек, ол сағатына 130 км жылдамдықпен ұшады, онымен бірге 260 кг-ға дейінгі жүктерді тасымалдауға қауқарлы.
Соған қарамастан, бастапқы уақытта дронға тек150 кг-ға дейінгі жүктерді арту көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, аэротакси бірінші кезекте адамдар үшін арналған жоба. Сондықтан, жүк тасымалдау – бұл компания болашақта қарастыратын қосымша нарық болмақ.