АЭС: Америка Қазақстанды жаңа технологиялармен танысуға шақырды

888

Америка FIRST – "Шағын модульдік реакторлар технологияларын жауапты пайдалануға арналған базалық инфрақұрылым" бағдарламасына қатысуды ұсынды.

АЭС: Америка Қазақстанды жаңа технологиялармен танысуға шақырды

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі, АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Қауіп-қатерді бірлесіп азайту" бағдарламасының ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық қауіпсіздік бюросының өкілдерімен кездесуде айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Бағдарлама ядролық қауіпсіздік пен оны таратпау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес атом энергетикасын дамытудың ұлттық бағдарламасын әзірлеуде әлеуетті арттыруда АҚШ-тың әріптес елдеріне қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарлама әлемде енгізіліп жатқан АЭС-ке арналған озық ядролық технологиялармен және жаңа инновациялармен танысуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу