"Батыс Қазақстанда бұрын атом стансасы болған", – деді вице-министр бүгін Сенат қабырғасында журналистерге.
Оның айтуынша, бізге алдыңғы жылы АЭС салуға Қытай, Франция, Корея, Ресей, АҚШ сынды елдерден ұсыныс түсті, олардың технологиясы зерттеліп жатыр.
"Қолданыстағы энергия өндіретін орталықтар негізінен кеңес заманында салынған. Сондықтан экология кодексіне сүйене отырып, қазір қалдық шығармайтын станция салуымыз керек. Мамандар АЭС салу орынды екенін дәлелдеп отыр. Бірақ оның көлемі, орыны әлі анықталмады. Қарастырылып жатыр. Биыл оны салу-салмау туралы шешім қабылданбақ", – дейді Нұрмағанбетов.
Бұған дейін АЭС Алматы облысындағы Үлкен елдімекені немесе ШҚО-дағы Курчатов қаласында салынуы мүмкін екені айтылған.
Тасқын Болатұлы