АЭС бойынша референдум қандай жағдайда өткізілген болып саналатыны айтылды

451

Республикалық референдум 6 қазанда өтеді.

АЭС бойынша референдум қандай жағдайда өткізілген болып саналатыны айтылды Фото: e-cis.info

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров АЭС салу мәселесіне қатысты референдум бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Константин Петров тізімге енгізілген қазақстандықтардың жартысынан астамы қатысқан жағдайда тиісті референдум өткізілді деп есептелетінін жеткізді. 

"Республикалық референдум туралы" Конституциялық заңды басшылыққа алатын болсақ, референдумға қатысу үшін тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, республикалық референдум өтті деп саналады. Нақты саны әлі белгісіз. Тиісті дерек дауыс беруге 20 күн қалғанда белгілі болады", – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары. 

АЭС құрылысы бойынша референдумға қойылған мәселеде шешім дауыс бергендердің 50 пайыздан астамы оң жауап берген жағдайда қабылданбақ.

Өз кезегінде Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров алдағы референдумда "Сіз Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе?" деген бір ғана сұрақ қойылатынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу