АЭС бойынша референдум: Үлкен ауылының тұрғындары белсенділігімен таңқалдырады

218

Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АЭС бойынша референдум: Үлкен ауылының тұрғындары белсенділігімен таңқалдырады

"Бүгін біз референдумның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз. Сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ", – деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.

Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. 

Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу