АЭС қандай технологиямен салынады?

2009 жылдан бастап Қазақстан табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. 

АЭС қандай технологиямен салынады? Фото: inbusiness.kz

Бұл сауалға Энергетика министрі Болат Ақшолақов жауап берді.

Оның айтуынша, 4 елдің технологиясы қарастырылады.

"2009 жылдан бастап Қазақстан табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында. Биылғы жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру 21,6 мың тонна көлемінде деген болжам бар. Осы жылы желтоқсанда Қытайға жылу бөлетін жинақтардың бірінші партиясы жеткізілді. Атом электр станциясын салудың оңтайлы орны ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы ұсынылды", – деді Болат Ақшолақов.

Бұл ретте ол АЭС салу бойынша 4 елдің реакторлық технологиялары қарастырылып жатқанын атап өтті.

"2023 жылы аталған технологиялардың бірі таңдалады. Тізімде 4 ел бар. Атап айтқанда, ҚХР, Оңтүстік Корея, Франция және Ресей Федерациясы. Соның арасынан таңдау жасаймыз", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу