АЭС: Қазақстан АҚШ-тың технологиясынан бас тартты

800

Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, әлі де болса қандай да бір елдің технологиясы таңдалған жоқ. Бес елдің технологияларының жақсы және жаман жақтары қаралып жатыр.

АЭС: Қазақстан АҚШ-тың технологиясынан бас тартты

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Әзірге бір нәрсені айта аламыз. АҚШ ұсынған технологияны бұдан әрі қарастырмауға шешім қабылдадық. Себебі онда референтті блок жоқ. Демек бұл технология бойынша салынған және өзінің сенімділігі мен тұрақтылығын көрсететін станция жоқ. Дегенмен бұл технологияның өзіндік артықшылықтары бар. Біз олармен мүлде ара қатынасымызды үзбейміз, тек басқа жобалар шеңберінде жұмыс істейтін шығармыз", – деді Ақшолақов.

Фото: hightech.fm

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу