Желіде АЭС құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр

318

Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімдігі бұл деректі жоққа шығарды.

Желіде АЭС құрылысы басталғаны туралы жалған ақпарат тарап жатыр Фото: swissinfo.ch

Әлеуметтік желілерде Алматы облысы Үлкен ауылында атом электр станциясының (АЭС) құрылысы басталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әкімдік мәліметінше, бейнероликте Google Maps онлайн сервисі арқылы құрылыс нысандары көрсетілген, ал бұл нысандардың атом электр стансасы екені шындыққа жанаспайды.

"Бейнежазбада көрсетілген нысан - 2011 жылы Балқаш жылу электр орталығы (ЖЭС) құрылысы жобасын жүзеге асыру кезінде салынған инфрақұрылым. Жоба көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясының құрылысын қамтыды. Жоба аясында тиісті инфрақұрылымның, соның ішінде жұмысшыларға арналған тұрғын кенттің құрылысы басталды. 2014 жылы "Балқаш жылу электр орталығы" жобасын жүзеге асыру тоқтатылды.

Онлайн сервистің картографиялық деректеріне түзетулер енгізу және жалған ақпараттың одан әрі таралуына жол бермеу үшін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне (ЦДИАӨМ) өтінім жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу