АЭС құрылысы қысқа мерзімді қамтитын процесс емес - Сәтқалиев

493

Елімізде атом электр станциясын салу мәселесі жалпыхалықытық референдумға шығарылатын болды. 

АЭС құрылысы қысқа мерзімді қамтитын процесс емес - Сәтқалиев Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді. 

"Енді референдум өтеді. Соның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Жалпы атом электр станциясының құрылысы туралы шешім қабылданған сәттен бастап шамамен станция құрылысына орташа алғанда 15 жылдай уақыт кетеді. Соның ішінде 3-4 жыл жобалауға, технологияны таңдауға кетеді. 12 жылға дейін құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Яғни бұл қысқа мерзімді қамтитын процесс емес", - деді ведомство басшысы тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу