АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді

159

Атом электр станциясының өзінде 2 мың адам жұмыс істеуі мүмкін. 

АЭС құрылысы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді Фото: gov.kz

АЭС құрылысы елімізде 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуғы ықпал етеді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Құрылыс кезеңінде 8 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 2 мың адам жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар АЭС әрбір жұмыс орны аралас салаларда 10-ға дейін жұмыс орнын ашады, бұл еңбек нарығына және бүкіл аймақтың дамуына оң әсер етеді. Осы жобаны іске асыру жолындағы маңызды кезең Қазақстанда АЭС салудың орындылығы туралы референдум болады", - деді министр.

Сөзінше, бұл оқиға ел халқына өз пікірін білдіруге және энергетика саласын дамытудың одан әрі векторын айқындауға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу