АЭС құрылысының Балқаш көліне әсері қандай?

2488

Елімізде атом электр станциясы салынған жағдайда оның Балқаш көліне теріс әсері болмайды. 

АЭС құрылысының Балқаш көліне әсері қандай? Фото: rivers Help

Бұл туралы Ұлттық ядролық орталықтың бас директоры Эрлан Батырбеков елордада өткен қоғамдық тыңдау барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, елімізде салынуы мүмкін реактордың үшінші буыны жетілдірілген. Оның Балқаш көліне теріс әсері болмайды.

Эрлан Батырбеков дүние жүзінде 1950-1960 жылдары салынған алғашқы АЭС-терде қауіпсіздік жүйесі төмен болғанын жеткізді.

"Бұл реакторлардың міндеті – атом энергиясын электр энергиясына айналдырудың негізгі мүмкіндігін көрсету. Екінші буын станцияларының қауіпсіздік жүйесі де, яғни 1970-1980 жылдары көңіл көншітпеді. Ғалымдар бірнеше апаттардан кейін атом электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса көңіл бөлді. Осылайша үшінші буын реакторлары пайда болып, оларда осыған дейін жіберілген қателіктер ескерілді", - деді спикер.

Сарапшы төртінші буын реакторлары мүлдем қауіпсіз болуы тиіс екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу