АЭС құрылысының қалай жүретінін қайдан білуге болады?

211

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. 

АЭС құрылысының қалай жүретінін қайдан білуге болады? Фото: Midjourney

Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысына қатысты бар ақпаратты таба алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды – бұл еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдаудағы шешуші кезең.

Осыған байланысты әрбір адам саналы таңдау жасай алуы үшін атом энергетикасының маңызды аспектілері туралы азаматтарды оқытуды күшейту туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Gov.kz порталында және eGov mobile мобильді қосымшасында арнайы ақпараттық бөлімдер әзірлеп, енгізді. Мұнда пайдаланушылар атом энергетикасы, атом электр станцияларының құрылысы мен жұмысы, олардың қауіпсіздігі мен қоршаған ортаға және денсаулыққа әсері туралы өзекті сұрақтарға жауап таба алады.

Бұл шаралар әрбір қазақстандықтың атом энергетикасына қатысты барлық аспектілерге объективті баға беріп, референдумға толық және сенімді ақпаратпен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу