Азаттық радиосының тілшісі Бағдат Асылбек "Қазақстан АЭС салғанша жел мен күн секілді қалпына келетін энергияны неге дамытпайды?" деген сауал қойды.
"Иә, бүгінде қалпына келетін энергия көзі ішінде күн мен жел қуаты жиі пайдаланылады. Бірақ екі мәселе бар. Бірінші, мұндай энергияның тарифі біздегі стансалардан қымбат. Екінші, өкінішке қарай, қалпына келетін энергия көздері маневрге икемсіз, стансалардың тірегіне айнала алады деуге де келмейді. Үзіліссіз қуат бере алмайды. Өйткені табиғаттың жаратылысы солай – не үнемі жел соғып тұруы керек, не үнемі күн шығып тұруы шарт", – дейді министр.
Оның айтуынша, жел мен күннен алатын қуатты да генерациялауға болады. Ол бірақ таза генерация емес, аккумуляция ғана. Жел немесе күн көзі мол болған кезде артығымен қуат жинақтап, қауырт сағаттарда тапшылықтың орнын жабуға болады. Бірақ бұл технология әлі жеткілікті дамып үлгерген жоқ.