АЭС салынғанның өзінде Қазақстан көмірден толық бас тартпайды

187

  Бүгінде электр энергиясының негізгі үлесі көмір станцияларында өндіріледі.

АЭС салынғанның өзінде Қазақстан көмірден толық бас тартпайды Фото: canva.com

 

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АЭС салынған жағдайда көмір өндірісінде өзгерістер бола деген мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер спикерден "АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін көмірден толық бас тартуымыз мүмкін бе? Көмір өндіретін өңірлер зардап шекпей ме?" деп сұрады.

"Шынында да, Қазақстанда көмірден толық бас тарта алмаймыз. Біз энергетикалық баланстағы көмірдің үлесін азайту туралы айтып отырмыз. Қазір бұл 70 пайызға жуықтады. 2035 жылға қарай көмірдің үлесі 35 пайыздан аз болады", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Айта кету керек, Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында жасаған баяндамасында еліміздегі электр энергиясын өндірудің негізгі үлесі көмір станцияларына тиесілі екенін айтқан болатын. Сөзінше, бұл жалпы өндірістің 66%-ын қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу