АЭС салынуы мүмкін деген Курчатовқа “ғылым қалашығы” мәртебесін беру сұралды

676

Мұндай ұсынысты жаңа құрылған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев “президентке жеткіздім” дегенді айтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы әкімдіктің телеграм арнасындағы ресми парақшасына сілтеме беріп.

АЭС салынуы мүмкін деген Курчатовқа “ғылым қалашығы” мәртебесін беру сұралды

  "Құрылу тарихы кеңес заманынан бастау алатын Курчатов қаласы, қазіргі таңда Қазақстанның басты ядролық физика орталығы болып отыр. Қаланың ғылыми-практикалық әлеуеті, адами ресурстары, тәжірибелік алаңдар, қалыптасқан халықаралық қатынастар бізге Отандық ғылымды дамытуға мол мүмкіндік береді”, - деді әкім Курчатов қаласының тұрғындарымен кездесуде.

"Елде АЭС салу мәселесі де шешілуде. Мен Мемлекет басшысымен кездесуде Курчатовқа ғылым қалашығы мәртебесін беру туралы мәселені көтердім. Сондай-ақ, мұнда университеттің ашылуы күтілуде. Мен қаланың одан да жақсы болғанын қалаймын. Мен өзгерістерді көріп отырмын, көп нәрсе жасалуда. Шын мәнінде, өте жақсы және әдемі қала, жасыл, ғимараттар мен бүкіл инфрақұрылымды қалпына келтіру керек. Біз онымен айналысамыз", - деді облыс әкімі.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу