Африка елдерінен 30 миллион мигрант келуі мүмкін

874

Африка елдерінен 30 миллион мигрант келуі мүмкін

Еуроодақ шекарасына таяу маңда 7 млн-ға тарта мигрант кез келген сәтте, титтей мүмкіндік туған тұста ЕО аймағына енуге дайын тұр. Бұл жайында немістердің Bild мерзімді басылымына сілтей келе, islam.kz хабарлайды.

Арнайы қызметке сілтеме жасаған аталған ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, жақын уақытта тропикалық Африкадан келетін босқындар легі шамамен 5,9 миллион адамды құрауы мүмкін. Алайда, сарапшылардың бұл есебі, Еуропарламент төрағасы Антонио Таянидің пікірінше, мигранттар қарасы бұдан да көп болуы ықтимал.

"Егер біз Африка елдерінің негізгі мәселелерін шеше алмасақ, онда 10 жыл ішінде 10, 20, тіпті, 30 млн мигрант келуі мүмкін",- деп мәлімдеді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу