Африка халқы ашаршылықтан жаппай қырылуы мүмкін

1616

Африка халқы ашаршылықтан жаппай қырылуы мүмкін

Африканың бірқатар елі мен Йемен халқына ашаршылық кесірінен жаппай қырылу қаупі төніп тұр. Бұл жантүршігерлік мәліметті БҰҰ жария етті.

Халықаралық қауымдастық өкілдерінің хабарлауынша, оған қуаңшылық пен толас таппай тұрған қарулы қақтығыстар себеп. Қазір Африкада құрғақшылық жайлаған аймақта 20 млн адам тұрып жатыр. Жағдайдың ушығуына байланысты үй-жайын тастап, басы ауған жаққа босып кеткендер саны артқан.

Бүгінде Сомалидің әрбір төртінші тұрғыны босқынға айналды. Оңтүстік Суданда 100 мың тұрғын ашқұрсақ жүр. Тағы миллион тұрғынға осындай қауіп төніп тұр. Эфиопия елінде де балалардың жартысынан көбі тойып тамақ ішпейді. Ал Йеменде 19 миллион тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж.

Осы ретте БҰҰ әлемдік қауымдастықтан жәрдем сұрап отыр. Өйткені бүгінде қажетті қаржының тек 11 пайызы ғана жиналған.

"2011 жылы Сомали, Эритрея, Эфиопия және Джибутиде 260 мыңнан астам адам аштан қырылды. Оның жартысынан астамы – 5 жасқа толмаған бүлдіршін. Сондықтан біз ол жағдайдың қайталануына жол бермеуіміз керек", – дейді БҰҰ өкілі Адриан Эдвардс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу