Гананың тұңғыш GhanaSat-1 жасанды жер серігі орбитаға көтерілді

1290

Гананың тұңғыш GhanaSat-1 жасанды жер серігі орбитаға көтерілді

Гана тұңғыш рет GhanaSat-1 жасанды жер серігін ұшырды. Бұл жайында TechCrunch ақпарат көзі хабар таратты, деп хабарлайды islam.kz.

GhanaSat-1 жасанды жер серігін жасауға Кофоридуа қаласына жиналған ұлттың бетке ұстар ғалымдары жұмылды. Оны жасауға екі жыл кетті және 50 мың доллар жұмсалды. Аталмыш амбициялық жобаны жапондардың JAXA деп аталатын аэроғарыштық зерттеу агенттігі қаржыландырды.

"Бұл спутниктің екі миссиясы бар. Оны бортына Гананың жағалауына мониторинг жүргізуге арналған камера бекітілген", - деді аталмыш жоба жетекшісі Ричард Дамоа (Richard Damoah). Falcon 9 c GhanaSat-1 және өзге де ғарыш аппараттары ағымдағы жылдың шілде айында ұшырылды. Жоба авторлары өздерінің бұл жетістігін мақтан тұтады және өзге африкалық елдерге үлгі болатынына сенеді. Айта кетейік, Африка құрлығында ғарыш державасы атанған елдер санаулы ғана, атап айтқанда, Оңтүстік Африка Республикасы, Кения және Эфиопия. Ангола биыл алғашқы спутнигін ұшыратынын жария етті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу