Африка жағалауында бортында 22 үнді теңізшісі бар танкер жоғалып кетті. Бұл туралы ТАСС сенбіде NDTV телеарнасына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.
48 сағаттан бері кеме туралы ешқандай ақпарат жоқ. Телеарнаның деректері бойынша, Marine Express танкері жөніндегі соңғы хабар 31 қаңтарда үнді уақытымен 18:30-да түскен. Ол кезде кеме Бенин жағалауында зәкір тастап тұрған. Содан бері танкер және оның экипажы жөнінде хабар-ошар жоқ. Оны теңіз қарақшылары басып алуымүмкін деген болжам бар.
Үнді кеме қатынасы министрлігінің телеарнаға хабарлауынша, танкер құны 8,1 миллион долларлық 15,5 мың тонна жанармай әкеле жатқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу