Африка құрлығында Covid-19 вирусын жұқтырғандардың саны 168 мыңнан асып, оның 4,7 мыңы қайтыс болған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы аймақтағы өкілдері хабарлады.
Ұйымның дерегіне сүйенсек, пандемия басталғалы 168 464 тұрғын ауруға шалдыққан. 4700 науқастың ауруы асқынып қаза тапты. Ал аурудан айыққандардың саны 73 мыңнан асқан.
Жұқтыру фактілері әсіресе Оңтүстік Африка Республикасы (40792), Египет (28615), Нигерия (11516) елдерінде көп тіркелген. Қаза табу көрсеткіші Египет (1088), ОАР (848) және Алжир (681) елдерінде өте жоғары екен.
Бұған дейін ДДҰ өкілдері осы құрлықтағы пандемия салдары жойқын, тұрғындардың дертке шалдығуы көрсеткіш жоғары болады деп ескерткен болатын. 11 наурызда ұйым әлемде жайлаған жаңа коронавирус індетін пандемия деп жариялаған еді. Осы күнге дейін әлемде бұл вирусты 6,5 миллионнан астап кісі жұқтырып, оның 380 мыңы қайтыс болды.
Табиғат Нұрболат