Африкада коронавирустың 34 мутациясы бар штамы табылды

665

Бұған дейін Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды.

Африкада коронавирустың 34 мутациясы бар штамы табылды Фото: reuters.com

Африкада жұмыс істейтін ғалымдар тобы Ангола әуежайындағы саяхатшылардан коронавирустың 34 мутациясы бар жаңа штамын тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Коронавирустың жаңа түрі ақпан айының ортасында Танзаниядан келген туристерден анықталды.

"Олардан табылған вирустардың геномдары іс жүзінде бірдей болды", – дейді мамандар.

Коронавирустық инфекцияның жаңа штамына уақытша A.VOI .V2.  атауы берілді. Ғалымдардың пікірінше, бұл мутациялардың барлығы вирустың антиденелерге төзімділігін арттырып, оның таралу қасиетін арттыруы мүмкін.

Бұған дейін Бразилияда коронавирустың жаңа қауіпті штамы табылды. Бұл штамда 18 мутация бар екенін жарияланды. Минас-Жерайс штатының астанасы Белу-Оризонти қаласында табылған инфекцияның бұл түрі бұрын анықталған қауіпті COVID-19 түрлеріне тән қасиетіне ие. Бірқатар мутация британиялық, оңтүстікафрикалық және басқа екі бразилиялық штамдарға тән екені анықталды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу