Африкада маймыл шешек ауруы белең алып барады

340

Эпидемия негізінен Конго Республикасында анықталып жатыр.  

Африкада маймыл шешек ауруы белең алып барады Фото: Naked Science

Африка елдерінде маймыл шешек ауруы тез тарап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінде вирус Африка континентінің 13 елінде, негізінен Конго Демократиялық Республикасында анықталып отыр.

Вирусқа қарсы жасалған вакцинаны аймаққа жеткізуде қиындықтар туындады.

9 тамыз күні Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы жариялаған есепке сәйкес, жыл басынан бері Африканың 13 елінде 2822 адам вирус жұқтырған, 14 719 күдікті жағдай тіркелген. Салдарынан 517 адам қаза тапты, оның ішінде Конго Демократиялық Республикасында – 511 адам.

Адамдар арасындағы вирус алғаш рет 1970 жылы Конго Демократиялық Республикасында тіркелді.

Қазір маймыл шешек вирусы Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Конго, Конго Демократиялық Республикасы, Камерун, Гана, Либерия, Нигерия, Руанда, Кения, Кот-д’Ивуар және Оңтүстік Африка елдерінде анықталды.

2022-2023 жылдары инфекция 79 пайызға артса, ал 2023-2024 жылдары бұл көрсеткіш 160 пайызды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу