Африкада тағы бір соғыс басталды

851

Африкада тағы бір соғыс басталды

Сенегал әскері Гамбияға басып кірді, деп хабарлайды Islam.kz "Reuters" агенттігіне сілтеме жасап.

Мұндағы мақсат – президент сайлауында жеңіске жеткен Адам Берроудың заңды билігін қорғауға саяды.

Айта кетейік, 19 қаңтар күні Сенегал аумағында Гамбияның жаңа сайланған президенті қасиетті Құранға қолын қойып, ант беруге мәжбүр болған. Оған 1994 жылдан бері билік тізгінін ұстаған Яйя Джамманың президенттік қызметтен кетпей отырғандығы себеп болды.

Тақтан айырылғысы келмеген Гамбияның бұрынғы президенті Адам Берроуға кедергі жасау үшін елде төтенше жағдай режимін де енгізді. Адам Берроу – фула ұлысынан шыққан, Англияда білім алған мұсылман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу